Павлодарда қоймадан өрт шықты

Павлодарда қоймадан өрт шықты
Фото: Павлодар облыстық ТЖД

Өрттің шығу себебі анықталуда, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі. 

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 28 мамырда сағат 15:29-да Транспортная көшесінде орналасқан бос қойманың шатыры жанып жатқандығы туралы хабарлама түскен.

–  Зардап шеккендер жоқ.  Өрт сөндірушілер жеке тұрған бір қабатты ғимарат шатырының ағаш құрылысы мен жабындысы жанып жатқандығын анықтады. Өрт сөндіру бөлімшесі оқиға орнына келгенге дейін бокс қызметкерлері бір автокөлік пен екі оттегі баллонын эвакуациялады, – дейді департаментте. 

Тілсіз жауды ауыздықтауға төрт техника және өрт сөндіру қызметінің жеке құрамынан 17 адам жұмылдырылды. Жалын шамамен 250 шаршы метрді шарпыды. 

Өрт сағат 16-22-де оқшауланып, 16-41-де жойылды.