Павлодарда заңсыз көші-қон ұйымдастырған Өзбекстан азаматы ұсталды

Павлодарда заңсыз көші-қон ұйымдастырған Өзбекстан азаматы ұсталды
Фото: Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосурет

Шетелдік қылмыскерге қатысты тергеу басталды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыста заңсыз көші-қонның жасырын арнасы жойылды. Облыстық полиция департаментінің криминалдық полиция қызметкерлері арнайы рейд барысында мемлекеттік шекара арқылы заңсыз транзит ұйымдастыру әрекетінің жолын кесті. 

Жедел іс-шаралар нәтижесінде Өзбекстан Республикасының азаматы ұсталды. Ол өз отандастарын Ресей Федерациясы арқылы Қазақстанға заңсыз тасымалдау схемасын ұйымдастырған. 

Қылмыстық жоспарды жүзеге асыру үшін күдікті MAN маркалы жүк көлігін пайдаланған. Көлікті тексеру кезінде жедел қызметкерлер адамдарды жасырын тасымалдауға арналған құпия орынды анықтады.

Көлік тәркіленіп, арнайы тұраққа қойылды. Қазіргі уақытта ұйымдасырушыға қатысты тергеу жүргізілуде. 

- Заңсыз көші-қонды ұйымдастыру фактісі бойынша, көлік құралын ұсыну және байланысты қызметтер көрсету арқылы қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға және күдіктінің басқа да осындай қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеруге бағытталған тергеу әрекеттері жүргізілуде, - деді Павлодар облысы полиция департаментінің криминалдық полиция басқармасының бастығы Жаслан Танжанов.

Полиция заңсыз көші-қон арнасын ұйымдастыруға қатысты бар өзгеде тұлғаларды анықтау үстінде.