Көміртегі оксиді артқан: Павлодарда қалалық қоқыс алаңы жанып жатыр
Елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.
Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 11 мамыр күні сағат 17.06-да «Эко Алем-ПВ» ЖШС қалалық қоқыс алаңы аумағында шамамен 1,5 гектар аумақта қоқыс жануда.
Өрт сағат 06.33-те ауыздықталған, бірақ әзірге толық сөндірілмеген. Жеке құрамнан үш адам мен бір техника, «Эко Алем-ПВ» ЖШС-ден 15 КамАЗ, 7 тиегіш, «Спецмашин» ЖШС-ден бір су тасығыш көлік, «Су арнасы» ЖШС-ден алты су тасығыш пен бір ДТ трактор жұмыс істеуде.
Облыстық экология департаментінде мемлекеттік экологиялық бақылау инспекторлары және зертханалық-талдамалық бақылау бөлімінің мамандары 11 мамырда қатты тұрмыстық қалдықтар қалалық қоқыс үйіндісі аймағына шығып, атмосфералық ауаның сапасына өлшеулер жүргізгенін хабарлады.
– Көміртегі тотығы мен шаң (тоқтатылған заттар) бойынша атмосфералық ауаның сапасын өлшеу жүргізілді. Көміртегі оксиді бойынша көрсеткіштің асып кеткені тіркелсе, шаң бойынша шамадан тыс артқаны байқалмады. Қазіргі уақытта жергілікті атқарушы органдар мен кәсіпорынның күшімен өртті жою бойынша жұмыс жүргізілуде. Шамамен 20 КамАЗ, алты тиегіш, екі бульдозер, сондай-ақ қосымша төрт бульдозер күтілуде, – деді департаментте.
Сондай-ақ ведомствода бұл жағдайдың қаланың атмосфералық ауасы сапасына әсер етпейтінін, жел батыс жақтан соғып тұрғанын айтады. Департамент аталған факт бойынша тексеру тағайындауға бастамашылық жасаған және соның нәтижелері қосымша ақпарат ұсынылады.