Павлодар облысында 28 қазанда қар мен жаңбыр жауады деп күтілуде
Желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Қазгидрометтің» ақпараты бойынша, облыс бойынша температура түнде және күндіз 0...+5°C, жауын-шашын, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), облыстың батысында, солтүстігінде көктайғақ. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман.
Павлодарда түнде және күндіз +2...+ 4°C. Айнымалы бұлт, жауын-шашын (жаңбыр, қар). Тұман.