Павлодарда әлеуметтік орталықтарға қандай мәселелермен жүгінеді?

Павлодарда әлеуметтік орталықтарға қандай мәселелермен жүгінеді?

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ведомстволық бағыныстағы орталықтарының басшылары азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Жеке қабылдау тұрғындармен жыл бойы өткізіліп тұрады. 

– Халыққа әлеуметтік қызмет көрсету орталығында сұрақтар негізінен жалғыз тұратын зейнеткерлерге арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге, жас мамандарды әлеуметтік қызметке орналастыруға қатысты қойылған болатын. Барлығы 31 адам жеке қабылдауға келді, – деді қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде.  

Ал белсенді ұзақ өмір сүру орталығында қабылдауға кіру үшін кезекте тұрған адам көп болды.  

– Олардың көбі зейнетақыны арттыру, жәрдемақы сияқты құқықтық, әлеуметтік мәселелер бойынша жүгінді. Бір жыл ішінде орталықта жеке қабылдауда 216 адам қабылданды, – деді бөлімде.

Өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарды қайта әлеуметтендіру орталығында көбінесе әлеуметтік-тұрмыстық мәселелерге қатысты сұрақтар қозғалды. Қызметкерлер тұрғындарға тиісті құжаттарды қалпына келтіруге қатысты кеңес берді. Орталықты паналаған жандар тұру сапасын жақсарту бойынша өз сұрақтары мен ұсыныстарын алға тартты. Бір жыл ішінде орталықта 14 азамат қабылданды.

Балалары бар әйелдерді әлеуметтік-психологиялық оңалту және бейімдеу орталығында орталықта тұрудың шарттары мен ережелері, сондай-ақ тұрғынға көрсетілетін қызмет түрлері туралы сұрақтар қойылды. Бір жыл ішінде 171 адам жеке қабылдауға келді.