Павлодарлықтарға қырық миллионнан астам теңге қайтарылды

Қаралған он істің тоғызы тұтынушылардың пайдасына шешілді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Павлодар облысының сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті бірінші тоқсанда он сот отырысына қатысты. Салыстыру үшін, өткен жылдың сәйкес кезеңінде мұндай отырыстардың саны бесеу болды. Ведомство басшысының айтуынша, көрсеткіштердің өсуі департаменттің қызметі туралы көбірек азаматтардың білуіне және өздерінің тұтыну құқықтарын белсенді түрде қорғай бастауына байланысты.
Жағдайлардың қатарында қымбат косметологиялық қызметтер мен ілеспе тауарларды сатып алған аймақ тұрғынының оқиғасы бар. Үйге келгеннен кейін ол сатып алған тауар оған керек емес екенін және оны қайтаруға бел буған, бірақ кәсіпкер бас тартқан. Сатып алу құны 400 мың теңгеден асты.
– Мұндай жағдайлар жиі кездеседі: тұрғындар тегін қызмет алуға шақырылады, содан кейін қымбат өнімге несие алуға сендіріледі. Жанжалды сотқа дейінгі тәртіппен шешу мүмкін болмады және іс сотқа берілді. Департамент үшінші тарап болды және сот шешімі бойынша қаражат тұтынушыға толығымен қайтарылды, – деді департамент басшысы Дәулен Қабдушев.
Осындай жағдай құны 500 мың теңгеден асатын жиһаз гарнитурасына тапсырыс берген павлодарлықпен де орын алды. Ақша төлегеннен кейін кәсіпкер байланысқа шықпай қойған. Бұл жағдайда департаменттің араласуы мен сот шешімінің арқасында ақша қайтарылды.