Павлодарда дәстүрлі ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді
Үш ауданның тауар өндірушілері өздерінің өнімдерін арзандатылған бағамен сатады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше, 13 сәуірде Торговая көшесі, 2А құрылысы (Космонавтар және Торговая көшелерінің қиылысы) мекенжайында жәрмеңке ұйымдастырылады. Оған Железин, Павлодар, Шарбақты аудандарының тауар өндірушілері қатысады.
Сенбі күндері осындай жәрмеңкелер Екібастұз қаласының «Народный» және Ақсу қаласының «Ауыл базары», сондай-ақ облыстың 10 ауылында ұйымдастырылады.