Павлодар жастары таңдаған мамандықтары жайлы бейнеролик түсірді

Павлодар жастары таңдаған мамандықтары жайлы бейнеролик түсірді
Фото: pexels.com / Donald Tong

Байқау жеңімпаздары кейінірек марапатталады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«Кеңжекөл жастары» жастар қоғамдық бірлестігі баспасөз қызметінің мәліметінше, қаланың студент жастары арасында «Неліктен мен бұл мамандықты таңдадым?» атты бейнероликтер байқауының қорытындысы шығарылды. Байқауға 16 мен 32 жас аралығындағы жастардан барлығы 27 өтінім келіп түсті.

Байқау комиссиясының құрамына «Крендель» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры, қалалық мәслихат депутаты Мадина Мұзапарова, «Қызмет» кәсіподағы облыстық филиалының маманы Гүлнара Камалова, облыстық білім басқармасының техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің бас маманы Сандуғаш Тастенова, «Ертіс Медиа» ЖШС PR-өндірістік кеңсесінің басшысы Ризабек Исабеков және аумақтық сайлау комиссиясының мүшесі, қоғам қайраткері Вера Гейнц кірді.

Сайыс нәтижесі бойынша бірінші жүлделі орынды М. Қанапиянов атындағы жоғары колледж студенті Әдия Рамазан, екінші орынды М. Қанапиянов атындағы жоғары колледж студенті Назым Валют, үшінші орынды ақпараттық технологиялар колледжінің студенті Тимур Рыбаков иеленді, – дейді жастар қауымдастығының баспасөз орталығында.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, байқаудың 3 жеңімпазын, сондай-ақ 26 қатысушыны салтанатты марапаттау рәсімі ағымдағы жылдың маусым айында (орын, күні және уақыты қосымша хабарланады) жоба менеджерлері әрбір қатысушының алдын ала шақыруынан кейін өтеді.