Павлодарда әйгілі фотосуретшінің жеке көрмесі өтті

Павлодарда әйгілі фотосуретшінің жеке көрмесі өтті
Фото: "Ertis" мұражайы

Көрме қонақтары жылы лебіздерімен бөлісті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қалалық «Ertis» мұражайының мәлімдеуінше, 16 ақпан күні мұражайдың көрме залында Александр Пархоменконың «Қазақстан. Жер және адамдар» атты жеке фотокөрменің салтанатты ашылуы өтті.

Іс-шара барысында көрме авторына көптеген жылы сөздер айтылды. Бірақ фотографтың суреттері әріптестерін, достарын, таныстарын және қонақтарды ерекше тәнті қылды. 

– Ол өз туындыларын оларға қарап қана қоймай, қарап, ойланғысы келетіндей етіп жасайды, – дейді келушілер.

– Александр Пархоменконың еңбектері Қазақстанның салт-дәстүрлері, мерекелері мен күнделікті өмірі туралы баяндайды. Сүйікті қаланың сұлулығы панорамалық суреттер арқылы жеткізіледі. Олардың ішінде түнгі Павлодардың фантастикалық бейнелері ерекше көзге түседі, – делінген хабарламада.

Авторға туған табиғат тақырыбы Ертіс өңірінің пейзаждары да жақын болып келеді.