Павлодарда жас күйшілер жарысты
Байқауға 20-дан астам күйші қатысты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Наурыз мейрамы қарсаңында Құрманғазы атындағы балалар музыка мектебінде Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген халық әртісі, күйші-домбырашы Рүстембек Омаровтың 105 жылдығына арналған «Жастық шақ» конкурсы өтті. Байқауға музыкалық мектептің 9-14 жас аралығындағы 22 оқушысы қатысты.
Конкурстың басты талабы бойынша Рүстембек Омаровтың «Жастық шақ» күйін орында және Құрманғазы күйлерінің бірін орындау керек болды. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, «Аль-Аки» фольклорлық-этнографиялық ансамблінің жетекшісі Жасқайрат Орынбаев қазылық етті.
– Конкурсқа қатысушылар жоғары білім деңгейін және аспапты шебер меңгергенін, сахналық өнер көрсету, әртістік дағдыларының бар екенін көрсетті, – дейді Жасқайрат Орынбаев.
Байқау қорытындысы бойынша он үш жастағы Дәулет Омаров Рүстембек Омаровтың «Жастық шақ», Құрманғазының «Қызыл қайың», он үш жастағы Айнұр Ертай Рүстембек Омаровтың «Жастық шақ», Құрманғазының «Сарыарқа», тоғыз жастағы Аружан Мұсайлан Рүстембек Омаровтың «Жастық шақ», Құрманғазының «Балбырауын» күйлерін орындағаны үшін бірінші орынға ие болып, жеңіс тұғырынан көрінді.