Қазақ тілі мен әдебиет: Павлодарда қалалық олимпиада мәресіне жетті

Қазақ тілі мен әдебиет: Павлодарда қалалық олимпиада мәресіне жетті
Фото: Білім бөлімі

Аталмыш байқауға қала мектептерінің 50-ге жуық оқушысы қатысты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қалалық білім беру бөлімінің «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығымен Қанипа Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиеті бойынша республикалық олимпиаданың қалалық кезеңі  ұйымдастырылды. 

Олимпиада шарттары бойынша қатысушылар «Ұлпан Романындағы Ұлпанның бейнесі», «Құлагер поэмасында Ақанның бейнесі», «Атау  кере романындағы заман шыңдығы» тақырыптарында эссе жазып, қазақ тілі мен әдебиеті, Қ. Битібаеваның өмірбаяны және оның ғылыми және публицистикалық еңбектері бойынша сұрақтарға ауызша жауап беруі керек болды. 

Олимпиадаға қаланың мемлекеттік тілде оқытатын 25 жалпы білім беретін мектебінің 50 оқушысы қатысты. Олимпиада қорытындысы бойынша қатысушылар 26 жүлделі орынға ие болды, оның ішінде бірінші орын – 4, екінші орын – 9, үшінші орын – 13. 

Бірінші орынды № 2 мектептің 9-сынып оқушысы Амина Сағит, Ж. Тәшенев атындағы мектептің 9-сынып оқушысы Фатима Манай, А. Бөкейхан атындағы мектептің 10-сынып оқушысы Аяулым Солтанмұрат, № 2 мектептің 11-сынып оқушысы Томирис Дүйсембаева иеленді. 

Айта кету керек, байқаудың жеңімпаздары  ақпан айында олимпиаданың облыстық кезеңіне қатысады.