Павлодарда 50-ден астам стритворкаут және стритбол алаңы орнатылды

Павлодарда 50-ден астам стритворкаут және стритбол алаңы орнатылды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Қосымша тағы үш стритбол алаңы орнатылады, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Павлодар қаласы әкімінің мәліметінше, биыл шілде айында шағын футбол алаңдарын орнату жұмыстары басталды. Бүгінгі таңда төрт учаске бойынша жұмыстар аяқталды, қалғандары қыркүйек айының соңына дейін пайдалануға беріледі. 

– Жаңа шағын футбол алаңдары жасанды жабынмен жабдықталған. Қоршауы берік темір торлардан жасалуда. Сонымен қатар, аула аумақтарын толық жабдықтау үшін 30 стритворкаут және 25 стритбол алаңы орнатылды. Қосымша тағы үш стритбол алаңы орнатылады, – дейді әкімдікте. 

Естеріңізге сала кетейік, қала тұрғындары спорт алаңдары істен шыққан жағдайда 32-44-70, 32-91-15 телефондары, сондай-ақ Instagram желісінде @_sport_pavlodar_ аккаунты арқылы жөндеуге өтінім қалдыра алады.