Павлодардан Қарағанды облысының шекарасына дейінгі жол ашылды
Ауа райының жақсаруына байланысты шектеу алынды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 8 қаңтар күні сағат 17:00-ден бастап ауа райының жақсаруына байланысты Қалқаман – Баянауыл – Үміткер – Ботақара трассасы ашылды.
Бұл жол Қарағанды облысының шекарасына дейін барлық санаттағы көлік түрлеріне ашық.
Ал Ленин кенті – Ертіс – Русская Паляна автожолы ауа райының нашарлауына байланысты барлық көлік түрлері үшін жабылды.