Павлодарда ашық аспан астында бос орындар жәрмеңкесі өтеді
Сондай-ақ, жәрмеңке бүкіл республика бойынша ұйымдастырылады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
25 шілдеде сағат 17:00-де Орталық жағалауда «AMANAT» партиясының «Жастар рухы» жастар қанаты мен облыстық еңбек мобильділігі орталығының ұйымдастыруымен бос орындар жәрмеңкесі болады. Сол күні жәрмеңке республиканың басқа қалаларында да өтеді. Бұл туралы облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Альмира Дисюпова өзінің Instagram парақшасында хабарлады.
– Жәрмеңке – жастарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу мақсатында бағытталған. Оған жұмыс іздеушілер мен жұмыс берушілер шақырылады. Жастар үшін еңбек нарығындағы өзекті ұсыныстармен танысуға және өздерін жұмыс берушілерге тікелей таныстыруға мүмкіндік беріледі, – деді ол.
Жұмыс іздеушілер жәрмеңкеге өзімен бірге жеке куәлігін алып келе алады.