Павлодарлықтар жүгіріп жүріп, қоқыс жинайды
Марафонға жеке және топпен қатысуға болады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
27 шілдеде Усолка шағын ауданында автокөлік көпірі жанында жыл сайынғы «Jasyl cross – 2024» экологиялық сенбілік марафон-плоггингі форматында өтеді.
– Павлодар қаласының тұрғындары мен қонақтары жеке өздері немесе бес адамнан тұратын команда жинап, қатыса алады, – деді «Жасыл ел» штабында. – Барлық қатысушыларды кофе-брейк күтеді, ал жеңімпаздарға ұйымдастырушылар мен демеушілердің атынан сыйлықтар беріледі.
Таңғы сағат 09:00-ден тіркелу басталады. Сондай-ақ, өтінімдер алдын ала 8(747) 535-72-99 телефон нөмірі бойынша WhatsApp арқылы қабылданады.