Тереңкөл тұрғыны жеке бизнесін ашты
Кәсіпкер мемлекеттік қолдауға ие болды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz. тілшісі.
Тереңкөл ауданы Байқоңыр ауылының тұрғыны Ильмира Үлгібаева «Бастау-Бизнес» бағдарламасы бойынша өз ісін ашты. Өтеусіз 1,3 миллион теңге несиеге төрт бас ірі қара сатып алды. Кәсіпкер сүттен қаймақ, сүзбе, май жасайды. Өнімнің бір бөлігі отбасына, ал артылған бөлігі ауыл тұрғындарына ұсынылған.
– «Бастау-Бизнес» курстарында кәсіпкерліктің негіздерін меңгердім. Өтеусіз грант жеке қосалқы шаруашылықты дамыту үшін маңызды бастама болды. Табысым отбасым мен дамуым үшін жеткілікті. Ауылдастарыма қиындықтардан қорықпай, өз идеяларын батыл жүзеге асыруға кеңес беремін, – деді Ильмира Үлгібаева аудандық «Заря» газетінің редакциясына.
Оның айтуынша, отбасы мен бизнесті ұштастыру үшін көп күш пен шыдамдылық қажет. Бүгінде жұбайы Исмаилмен бірге төрт бала тәрбиелеп отыр. Отағасы отбасылық бизнесті жүргізуге көмектеседі. Қазіргі таңда Ильмира ауылшаруашылық жануарларын сатып алу және бизнесін кеңейту үшін мемлекеттік бағдарлама бойынша жеңілдетілген несие алуды жоспарлап отыр.