Павлодарда ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді

Павлодарда ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Жәрмеңкеде төрт аудан қатысады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

29 наурызда Торговая көшесі, 2А ғимаратында ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді, онда Павлодар қаласы мен Аққулы, Ертіс, Тереңкөл, Успен аудандары өз өнімдерін ұсынады.

Жәрмеңкеде сиыр етінің келісі 2300 теңге, жылқы еті 2300-2500 теңге, қой еті 1900-2100 теңге, шошқа еті 1800-2000 теңге, бірінші сортты жұмыртқа он дана 420 теңге, сүттің литрі 250, балдың келісі 2520 теңгеден, картопты 110 теңгеден, сәбізді 85 теңгеден сатып алуға болады.