Павлодарда ақындар айтысы өтеді
Жыр додасы республика күніне орай ұйымдастырылуда, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Ертең, яғни 21 қазан күні Успен ауданында «Ұлы елдің ұрпағымыз» атты ақындар айтысы өтеді. Оған отты жырларымен көпке танымал Еркебұлан Қайназаров, Рауан Қайдаров, Абзал Қабдраш және жас жүйріктер Бөкен Жігер, Нария Ақбаба, Нұрсұлтан Рымбай, Ерлан Аманқожа, Қабдолла Бейсқан, Нұртілеу Төленбек, Нұрбек Бәкірлер қатысады.
Айтулы доданы «Алтын домбыра» иегері, орақ тілді, от ауызды Аспанбек Шұғатаев жүргізбек.
Айтыс 21 қазан күні сағат11:00-де Успен ауданы мәдениет үйінде өтеді. Кіру тегін.