Павлодарлық музыкант республикалық байқауда алтын алды

Павлодарлық музыкант республикалық байқауда алтын алды

Өміржан Мағомет Ертіс өңірінің лауреаттарын даярлау бойынша көшбасшы Ольга Шлегельдің шәкірті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық білім беру басқармасының мәліметінше, Қазақстанның жас орындаушыларының XI республикалық байқауы Алматы қаласында өткен. Оған ҚР дарынды балаларға арналған мамандандырылған орта музыка мектептері оқушылары қатысты. 

– Аталған байқауда Павлодар облысынан музыкалық колледждің «Үрмелі және соқпалы аспаптар» бөлімінің студенті Өміржан Мағомет бақ сынады. Ол – келешегі зор жас музыканттарының бірі, өзінің жетістіктерімен жиі таң қалдырады. Кәсіби байқаулардан 30-дан астам жүлдеге ие болған, – дейді басқармада.   

Бұл жолы да Қазақстанның жас орындаушыларының XI республикалық байқауының қорытындысы бойынша Өміржан Мағомет алтын медаль иегері атанды.