Павлодарда бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға сауықтыруға қанша төленеді?

Төлем алушылардың банктік шоттарына автоматты түрде түседі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Қалалық мәслихатының шешімі бойынша Павлодарда 18 жастан асқан бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға сауықтыруға 15 728 теңге (немесе 4 АЕК) сомасында біржолғы әлеуметтік төлем беріледі.
Айта кетейік, қала бойынша бұл әлеуметтік төлемді 1514 адам алды.
Кеңес алу үшін мына телефон арқылы хабарласуға болады: 8 7182 32 0736
2018 жылғы 1 шілдеден бастап, 18 жастан асқан бала кезінен бірінші топтағы мүгедектің күтіміне байланысты тағайындалатын және төленетін ай сайынғы жаңа мемлекеттік жәрдемақы Заңмен енгізілді.
Аталған жәрдемақы бала кезінен бірінші топтағы мүгедектің немесе бала кезінен бірінші топтағы мүгедекке белгіленген оның заңды өкілі барлық кезеңге өтініш береген күннен бастап тағайындалады.
Еңбекке қабілеті шектеулі, еңбекке қабілетсіз немесе қамқоршылыққа мұқтаж бала кезінен бірінші топтағы мүгедекке күтім көрсету бойынша жәрдемақы тағайындау үшін өтініш және қажетті құжаттар олардың заңды өкілдерімен беріледі.