Павлодарда жол апатынан бой тасалаған азамат сотталды

Павлодарда жол апатынан бой тасалаған азамат сотталды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Ол абайсызда жылдамдықты асырып, үйдің кіреберіс есігіне соғылған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Аталмыш іс қалалық әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотымен қаралды. Оқиға өткен жылдың қыркүйегінде түнгі уақытта, Қамзин көшесінің бойында орын алды. 

– Сот отырысында азамат өз кінәсін толық мойындады. Ол көлікте жылынғысы келгенін, оталдырған кезде көлік жүріп барып, үйдің кіреберіс есігіне соқтығысқанын, содан кейін ол жол-көлік оқиғасы болған жерден кетіп қалғанын түсіндірді. Істеген әрекетіне өкінді. Ол ешқашан көлік құралын жүргізу куәлігін алмаған, – деді соттың баспасөз қызметі.

Осындай құқық бұзушылық үшін заң бойынша 100 айлық есептік көрсеткіш (393 200 теңге) мөлшерінде айыппұл немесе отыз тәулікке әкімшілік қамақ түріндегі әкімшілік жауапкершілік көзделген.

Істі қарау нәтижелері бойынша сот азаматты заңда көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танып, оған 258 440 теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл түріндегі әкімшілік жаза тағайындады.

Қаулы заңды күшіне енді.