Павлодарда бірнеше автобустың бағыты өзгерді

Жолдың бір учаскесінде жөндеу жүргізіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Қалалық ТҮКШ ЖК және АЖ бөлімінің мәліметінше, Нұркин көшесі, 102 мекенжайында орналасқан «Пахомовский» дүкені ғимаратына қарама-қарсы жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты 7 тамыздан бастап № 1, 31, 57 автобус маршруттарының қозғалыс сызбасына уақытша өзгерістер енгізілетін болады.
№ 1, 31 автобус маршруттары Ж. Мұса көшесі бойынша солтүстік-шығыс бағытта жүру кезінде Ж.Мұса – Н. Назарбаев даңғылы – Амангелді – М. Жүсіп және маршруттар бойынша айналып өтетін болады. Сол сияқты кері бағытта жүреді.
№ 57 автобус бағыты Мақатаев көшесі бойынша солтүстік-батыс бағытта жүру кезінде Мақатаев – Ж.Мұса – Н.Назарбаев даңғылы – Амангелді – М. Жүсіп және маршрут бойынша айналып өтеді. Дәл осылай кері бағытта қатынайды.