Павлодарда балалар бассейні 1 маусымға дейін ашылады
Қала әкімі Хасар Хабылбеков орталық жағалауды абаттандыру жұмыстарының қалай жүріп жатқанын тексерді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
– Өткен жылы ашылған балалар бассейнін шамамен 1 маусымға дейін іске қосу жоспарланып отыр. Жабындысы ауыстырылып, жүйесі тазартылады, – деді Хасар Хабылбеков.
Сондай-ақ сұранысқа ие нысандардың бірі – орталық жағажайдағы пирсті жөндеуден өткізу қажет. Қазіргі таңда зақымдалған элементтерді ауыстыру, жарықтандыру бағаналарын нығайту жұмыстары жүргізілуде.
Қала әкімі барлық жұмыстарды сапалы және уақытылы жүргізуді тапсырды.
Еске сала кетейік, жылытылатын бассейн 50 адамға арналған, 5-14 жастағы балалар бара алады. Балалар кешен аумағына ата-аналарының сүйемелдеуімен кіреді. Бассейнде жүзу нұсқаушысы және құтқарушы жұмыс істейді.