Екібастұзда 1-МАЭС мамандары 40 шақты үйді қысқа дайындауда
Б. Нұржанов атындағы Екібастұз кәсіпорнының бастауыш партия ұйымының төрағасы Серік Серьянов энергетиктер атынан Мемлекет басшысының барлық бастамаларына қолдау білдірді, деп хабарлайды @Рavlodarnews.kz.
«AMANAT» партиясы Павлодар облыстық филиалы баспасөз қызметінің мәліметінше, жыл сайынғы Жолдауында Қасым-Жомарт Тоқаев энергетикалық қауіпсіздік мәселесін шешуге назар аударып, Қазақстандағы ең ірі конденсаторлық үлгідегі жылу электр станциясы – Екібастұз 1-МАЭС-ты атап өтті.
– 2022 жылдың қараша айында ЖЭО-да апат болған кезде біздің бастауыш ұйым апатты жоюға, Екібастұз қаласының тұрғындарына көмек көрсетуге белсенді қатысты. Біздің ортақ міндетіміз – қысты жылы үйлерде қарсы алу және ауқымды дайындық жүргізу. 2023 жылдың тамыз айынан бастап 1-МАЭС станциясының мамандары Екібастұз қаласындағы 36 көппәтерлі тұрғын үйді 2023-2024 жылдары күзгі-қысқы кезеңге дайындау бойынша жұмыстар жүргізуде, – деп қорытындылады Серік Серьянов.
Партия белсендісі партияластардың, бастауыш партия ұйымының басым міндеті ел Президентінің Жолдауында белгіленген міндеттерді іске асыруға қатысу деп санайтынын жеткізді. Қасым-Жомарт Тоқаев: «Жалпы, Қазақстан электр энергиясымен қамтуда импортқа, көрші елдерге тәуелді болмауы тиіс. Қазір болып жатқан жағдайға барлық жағынан, ең алдымен мемлекеттің қауіпсіздігі тұрғысынан қайта қарау қажет» деді атап өтті.
Облыстық филиалдың XL есептік-сайлау конференциясында «AMANAT» партиясы Павлодар облыстық филиалының төрағасы Илья Теренченко барлық партияластарға атқарған жұмыстары мен белсенділігі үшін алғысын білдіріп, бастауыш партия ұйымдарының маңыздылығын атап өтті.
– Бастауыш партия ұйымдары – партияның негізі. Жаңғырту жағдайында және 20% көлемінде қайтарымды қаражат бастамасын енгізе отырып, 213 бастауыш партия ұйымында партияішілік жұмыс табысты жүргізілуде. Есепті кезеңде барлығы 200 мыңнан астам адамды қамтитын, 12 000-нан астам іс-шара өткізілді. Өңірдегі ірі өнеркәсіптік кәсіпорындардың 12 бастауыш партия ұйымында қоғамдық қабылдау бөлмелері жұмыс істейді. Оларда 64 қабылдау өткізілді, оның барысында 395 адамнан өтініштер қабылданды. Келіп түскен өтініштердің жалпы санының 60%-ы оң шешімін тапты, қалғандары бойынша қолданыстағы заңнама шеңберінде түсініктемелер берілді, – деді партияның облыстық филиалының төрағасы.
Партияның орталық аппаратының басшысы Мәди Оспановтың іс-сапары «Павлодар» арнайы экономикалық аймағының бастауыш партия ұйымдарының өкілдерімен кездесуімен аяқталды. Бейресми әңгіме форматында кәсіпкерлер мен өнеркәсіпшілер логистикаға, темір жол төсеуге байланысты мәселелерді талқылады, өскелең ұрпақты тәрбиелеудің, Ертіс-Баян өңірін абаттандыру бойынша проблемаларды қозғады. Форумдар, бейнеконференциялар, жеке кездесулер арқылы елдің ведомстволық құрылымдарының тікелей басшыларына барлық өзекті мәселелер мен ұсыныстарды жақын арада жеткізе алатынын атап өтті.