Павлодарда бір көшенің учаскесі уақытша жабылады

Павлодарда бір көшенің учаскесі уақытша жабылады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

№1Э автобус бағыты өзгертіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Жөндеу жұмыстарына байланысты 8-12 мамыр аралығында Каз.правда көшесінің Қамзин көшесінен Курская көшесіне дейінгі бөлігі уақытша көлік қозғалысына жабылады.

– Осыған орай, №1Э бағытындағы қоғамдық көлік қозғалыс сызбасына уақытша өзгерістер енгізіледі. Енді автобус Ладожская аялдамасына Н. Назарбаев даңғылы мен Ладожская көшесінің қиылысы арқылы кіретін болады, Каз.правда көшесіне соқпайды, – деді облыстық 109 бірыңғай байланыс орталығының баспасөз қызметі.

Қалалық әкімдік тұрғындарды алдын ала жоспар құрып, уақытша келеңсіздіктерге түсіністікпен қарауға шақырады.