Павлодарда Лермонтов көшесі төрт күнге жабылады

Павлодарда Лермонтов көшесі төрт күнге жабылады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Бұл шектеу асфальтбетон жабынын фрезерлеу жұмыстарын жүргізуге байланысты енгізіліп отыр, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қалалық тұрғын үй инспекциясы және коммуналдық шаруашылық бөлімінің мәліметінше, 28 тамыз сағат 20:00-ден бастап 1 қыркүйек сағат 7:00-ге дейін Лермонтов көшесі Ак. Сәтбаев көшесінен Н. Назарбаев даңғылына дейінгі аралықта көлік қозғалысы үшін жабық болады.

Қалалық ведомство тұрғындардан маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұрайды.