Павлодарда кейбір үйлер жарықсыз қалады
Қосалқы станцияда жөндеу жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, 6 ақпан күні сағат 9:00-ден 17:00-ге дейін келесі мекенжайлар бойынша электр қуаты сөндіріледі:
- Қамзин көшесі, 90, 106, 114, 114А;
- Осипенко көшесі, 13;
- Расковая көшесі, 13/1;
- Қамзин – Чайковский – Осипенко – Циолковский көшелері алаңындағы тұрғын үйлер.