Павлодар облысында бірінші ауысым оқушылары қашықтан оқиды
Қолайсыз ауа райына байланысты мектептер мен колледждердің бірқатар студенттері онлайн форматқа көшеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық білім беру басқармасының мәліметінше, ауа райының нашарлауына байланысты 11 наурыз күні өңірде бірінші ауысымда оқитын 0–11-сынып оқушылары, сондай-ақ 9-сынып базасында білім алып жатқан колледждердің 1–2-курс студенттері қашықтан оқыту форматына ауыстырылады.