Павлодарда демеушілік қаражат есебінен екі балабақшада күрделі жөндеу жүргізіледі

Барлық мектепке дейінгі ұйымдарда жазғы кезеңде ғимараттарға ағымдағы жөндеу жұмыстары жоспарланған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Павлодар қаласы білім бөлімінің мәліметінше, ағымдағы жылы бес, атап айтқанда №19, 24, 34, 72, 126 балабақшалардың терезелеріне күрделі жөндеу жүргізілуде. Сондай-ақ, 11 балабақшада шатырға ағымдағы жөндеу жүргізу жоспарлануда.
– Демеушілік қаражат есебінен Павлодар қаласының №50 балабақшасында терезелерді ауыстыру және Мойылды ауылының №47 балабақшасында ғимараттың қасбетін жөндеу бойынша күрделі жөндеу жүргізу жоспарлануда, – деді білім бөлімінде. Оған қоса, облыс әкімінің гранты аясында Павлодар қаласының № 33 балабақшасының аумағын абаттандыруға және жарақтандыруға қаражат бөлінді.
Қалалық бюджет қаражаты есебінен сегіз, атап айтқанда №11, 23, 24, 27, 29, 40, 43, 111 балабақшаларында асфальт жабыны ауыстырылады.
Бұдан бөлек, №53 бөбекжай-бақшасының энергиямен жабдықтау жүйесін күрделі жөндеуге ЖСҚ әзірлеу бойынша конкурстық рәсімдер өткізілмек. Оң қорытынды әзірленіп, алынғаннан кейін 2026 жылға арналған бюджет жобасына енгізу үшін бюджеттік комиссияның қарауына шығарылатын болады.
– №38 бөбекжай-балабақшасы ғимаратын күрделі жөндеуге жобалық-сметалық құжаттама әзірленді, Оған қоса, №53 балабақшасының терезелерін және шатырды күрделі жөндеуге жобалық-сметалық құжаттама әзірленді, олар 2026 жылға жоспарланған. Сондай-ақ, барлық мектепке дейінгі ұйымдарда жазғы кезеңде ғимараттарға ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілетінін атап өткен жөн, – деді білім бөлімінде.
Айта кетейік, Павлодар қаласында 73 мектепке дейінгі мемлекеттік ұйым бар. Оның 22-сы қазақ тілінде, қалғаны аралас тілде тәрбие береді. Сонымен қатар, 10 жекеменшік ұйым және екі шағын орталық қызмет көрсетеді.