Тереңкөл ауданында заңсыз ішімдік сатқандар анықталды

Тереңкөл ауданында заңсыз ішімдік сатқандар анықталды
Фото: terenkol_aqparat

Енді заңды бұзғандар сот алдында жауап береді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Бұл туралы Тереңкөл аудандық әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

- Тереңкөл ауданында прокуратураның қолдауымен құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша айлық өткізілуде. Алғашқы күндері аудан прокуратурасының қызметкерлері уәкілетті органдармен бірлесіп, алкогольдік өнімдерді заңсыз сату фактілерін анықтады, - делінген хабарламада. 

Мәселен, аудан орталығындағы дүкендердің бірінде «Дүкен-кафе» деген желеумен түнгі уақытта алкоголь сатылған болса, екінші жағдайда сауда нысанында ілеспе жүкқұжаттары жоқ 1 мыңнан астам бөтелкедегі алкогольдік өнімдер тәркіленді.

Белгіленген бұзушылықтар бойынша әкімшілік материалдар сотқа жіберілді.