Павлодарда сирек кездесетін дертке шалдыққандардың қанын тазартуға кірісті

Плазмалық фильтрация медицинаға өткен ғасырдың 60-шы жылдары енгізілген. Ғ.Сұлтанов атындағы облыстық ауруханада бұл процедура өткен жылдың қыркүйегінен бастап заманауи американдық құрал-жабдықтарды қолдану арқылы жүргізіліп келеді. @Pavlodarnews.kz тілшісі осы процедура туралы толығырақ білді.
Әртүрлі аурулары бар науқастардың қан плазмасында айналымдағы иммундық кешендер, сонымен қатар миастения, склеродермия, ревматоидты артрит, жүйелі қызыл жегі және басқа аутоиммунды аурулары бар адамдардың ағзасы қалыпты емес әрекет ететін патологиялық белоктар, токсиндер мен улар бар. Мұндай науқастарға плазмаферез ұсынылады.
– Плазмаферез процедурасы бір инелі режимде орындалады. Науқастың қаны алынып, аппараттың центрифугасына жіберілмес бұрын түтіктердің, сорғылардың және сүзгілердің стерильді жүйесінен өтеді. Центрабеж күштің әсерінен қан сұйық және плазма фракцияларға бөлінеді. Жасушалық фракция сол жүйе мен ине арқылы толық көлемде науқасқа қайтарылады, ал плазма жойылады, – деп түсіндірді Ғ. Сұлтанов атындағы облыстық аурухананың анестезиолог-реаниматолог дәрігері Игорь Гавриков.
Бір ине арқылы фильтрациядан кейін құрылғы дененің жоғалуын тұзды ерітіндімен толтырады. Қосымша инъекциялар немесе егу қажет емес.
Плазмоферезді кімге жасауға болмайды?
Қыркүйек айынан бері процедурадан жүзге жуық павлодарлық тұрғын өтті. Бірақ Игорь Гавриков түсіндіргендей, процедура қаншалықты зиянсыз болып көрінсе де, бәріне жарамайды.
– Плазмаферез – панацея емес, әдеттегі процедура емес, біз оны тек қатаң көрсеткіштер бойынша орындаймыз, әрбір жағдай жеке қарастырылады. Терапия кешенді емдеумен бірге жүргізілсе ғана жақсы нәтиже береді, – деп атап өтті дәрігер.
Плазмалық фильтрациядан кейін науқасқа дәрігер ұсынғандай қалпына келу үшін уақыт қажет. Процедуралық қиындықтар веноздық кедергі немесе веноздық қабыну жағдайында ғана пайда болуы мүмкін. Бірақ, дереккөздің айтуынша, Ғ. Сұлтанов атындағы облыстық ауруханада плазмаферездің сәтсіз жағдайы тіркелмеген.
Игорь Гавриков процедураны қажет ететін Лайелл, Гийен-Барре, Стивенс-Джонсон синдромдары, гемолитикалық ауру, склероз сияқты сирек патологиялары бар науқастарды еске алады. Плазмаферез процедуралары курсынан кейін көптеген науқастар өзін айтарлықтай жақсы сезінді.
– Миастениямен ауыратын науқасым көпке дейін жадынымда қалды. Ол бұлшықеттердің тез шаршауы себебіен өздігінен суды іше алмай, жұта алмай, тамақ жей алмай, басын көтере алмады. Бірінші процедурадан кейін зондты алып тастадық, науқас жұта бастады. Екінші курстан кейін оның аяқ-қолдары жақсы қозғала бастады. Ал үшінші процедурадан кейін оны сау деп атауға болатын еді, – деп дәрігер өз оқиғасымен бөлісті.
Күрделі және сирек кездесетін аурулардан басқа, плазмоферезге ұсынылатындардың тізіміне аллергия, бауыр патологиясы, псориаз, экзема, алкогольмен улану, химиялық заттармен және токсиндермен улану, есірткінің артық дозалануы бар адамдар кіреді.
– Жүрек бұлшықетінің жедел патологиясы, ауыр тромбоцитопения, ауыр анемия, шок жағдайлары, жедел цереброваскулярлық бұзылулар және онкологиямен ауыратын адамдардың қанын тазарту ұсынылмайды. Плазмаферез гемолиз диагнозы бар адамдарға да ұсынылмайды, – деді Игорь Гавриков.
Процедураға қалай жазылу керек
Қанды тазарту Ғ. Сұлтанов атындағы облыстық аурухананың ассистент-консультантымен келіскеннен кейін жүргізіледі. +77770852810 нөміріне хабарласып, консультация алуға болады. Егер қарсы көрсетілімдер болмаса, процедураның күні мен уақытын белгілейді. Қанды тазарту орташа алғанда 40-50 минутқа созылады, тамырлармен мәселе болған жағдайда бір жарым сағатқа дейін жетеді.
Бір сеанс 50 мың теңге тұрады, бірақ МӘМС бағдарламасы бойынша плазмоферез тегін өткізіледі.
Суреттерді Игорь Гавриков ұсынды
23.01.2012 ж. Павлодар облысы әкімдігінің Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы берген № 00986 DS лицензиясы
Жарнамалық материал