Павлодарда дүкен өртенді
15 адам эвакуацияланды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 14 қарашада сағат 00:34-те Торайғыров көшесі бойында көпқабатты тұрғын үйге жапсарлас салынған дүкенде өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті. Дүкенде теледидар мен төбенің жануы орын алды.
ТЖД қызметкерлері баспалдақ маршымен 15 адамды, оның ішінде 2 баланы эвакуациялады.
Өрт 15 шаршы метр алаңда жедел түрде сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.
ТЖД-нің 26 қызметкер мен 8 техникасы жұмылдырылды.