Ақсу қаласында қатты желден ағаш құлап, әйел адам мерт болды

Медициналық қызмет мамандары өлім фактісін растады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық жедел жәрдем станциясының мәліметінше, 19 маусым күні сағат 17:29-да шақырту түсіп, оқиға орнына медицина қызметкерлері жіберілген.
Алдын ала деректерге сүйенсек, қатты жел салдарынан құлаған ағаш 1968 жылы туған әйел адамның кеуде тұсына қадалып кеткен. Медициналық бригада оның өмірмен үйлеспейтін ауыр жарақаттар алғанын және оқиға орнында көз жұмғанын растады.