Павлодарда азаматтардан алынған есірткі жағылды (ВИДЕО)
Жойылуға жататын есірткі тиісті актімен салыстырылып, жойылды, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, тәртіп сақшылары 2022 жылы қылмыстық істердің фигуранты болған азаматтардан табылған және алынған есірткілерді жою бойынша іс-шара өткізді.
Мөрленген қораптар, есірткі салынған конверттер, оларды дайындауға сақтауға және тұтынуға арналған құрылғылар жойылды. Оның ішінде есірткі заттарының іздері бар шприцтер, темекі шегуге арналған түтіктер, химиялық заттар, есірткі жасауға қажетті компоненттер болып табылатын сұйықтықтар бар. Бұл тізбенің барлығын тәртіп сақшылары күнделікті қызмет барысында, жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде, азаматтарды, автокөлік құралдарын жеке тексеру, тінту, оқиға орындарын тексеру кезінде алған.
– Барлық фактілер бойынша қылмыстық істер сотта қаралды, әрқайсысы бойынша шешім қабылданды, заттай дәлелдемелер жойылуға жатады. Комиссия зерттеу және сараптамадан өткен 36 келіден астам өсімдік және синтетикалық тектес есірткі заттарын жинады. Есірткі құралдарын жою соттардың, сондай-ақ тергеу және анықтау органдарының шешімі негізінде жүзеге асырылады, – деді Павлодар облысы полиция департаменті есірткі қылмыстылығына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Тимур Қаржаубаев.
Павлодар облысының полиция департаменті есірткінің заңсыз айналымы фактілері туралы қандай да бір ақпарат болса, 8 (7182) 39-10-38 немесе 102 телефонына хабарлауды немесе «Police 102» мобильді қосымшасын пайдалануды сұрайды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram