Павлодарлық көпқабатты тұрғын үйден он бір адам эвакуацияланды
Зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, 10 желтоқсанда Ломов көшесі бойында тоғыз қабатты тұрғын үйдің кіреберісінде қоқыс жанды.
– ТЖМ қызметкерлері түтін басқан үйден баспалдақ маршымен 11 адамды эвакуациялады. Оның ішінде үшеуі – бала, – деді министрлікте.
Жану жедел түрде шағын алаңда сөндірілді.