Павлодарда тіркеме өртенді
Оқиға орнынан 50 литрлік газ баллоны шығарылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Бұл туралы облыстық ТЖ департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
- Бүгін сағат 18:05-те Усолка шағын ауданында, Судоремзаводта тіркеме өртеніп жатқаны туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына 7 қызметкер мен 2 техника жіберілді. Келген кезде 15 шаршы метр аумақта ішкі жабынының жанғаны анықталды, - делінген хабарламада.
Атап өтеолігі, №3 өрт сөндіру бөлімінің командирі Нұрбек Аухадиевтің ерлігінің арқасында газ баллоны шығарылды.
Жас әке өз өмірін қатерге тіге отырып, 50 литрлік баллонның жарылуының алдын алды.
Өрт сағат 18:23-те оқшауланып, 18:36-да жойылды.