Павлодарда электрсамокаттардың саны 650-ге дейін жеткізіледі

Павлодарда электрсамокаттардың саны 650-ге дейін жеткізіледі

Электр құралын пайдалану үшін арнайы «JET-Шеринг» қосымшасын жүктеу қажет, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қала әкімі  Ержан Иманзайыпов жобаның ұйымдастырушысы «JET» компаниясының басшыларымен кездесті.

Кәсіпкерлердің айтуынша, бүгінгі таңда қала бойынша 200-ге жуық самокат қойылған. Жақын арада олардың санын 650-ге дейін  көбейту жоспарлануда. 

– Электрсамокатты өзім де пайдаланып көрдім. Бірінші кезекте тұрғындар үшін барлық қауіпсіздік шараларын қарастыру аса маңызды. Сондай-ақ, тұрақ орындарын арнайы белгілермен көрсету керек. Автотұрақтарды қаладағы орталық камера жүйесіне қосылған бейнебақылау бар орындарға қойған жөн болады, – деп жазады Ержан Иманзайыпов Іnstagram парақшасында. 

Жоба иелері қолданыстағы заңнама шеңберінде және жол қозғалысы ережелерін бұзбай қауіпсіз пайдалану үшін қолдан келгеннің бәрін жасауға уәде беруде.  

Айта кетейік, қалада электрсамокаттарды жалға беру жобасы іске қосылған болатын. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от @yerzhan_imanzaipov