Павлодарда 100-ден аса оқушы «Жас ұлан» қатарына қабылданды
Іс-шараға қала мектептерінен 100-ден аса озат оқушы қатысты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
М.М. Катаев атындағы оқушылар сарайында «Жас ұлан» бірыңғай балалар-жасөспірімдер ұйымының қатарына салтанатты қабылдау рәсімі өтті. Бұл іс-шараға қала мектептерінен 100-ден аса озат оқушы қатысып, ресми түрде ұйымға қабылданды.
– Мен өз Отаныма қызмет етемін, сабағымды жақсы оқимын, үлкендерді құрметтеймін, табиғатты қорғаймын, – деп ант берді № 7 ЖОББМ-нің оқушысы Әмір Рахым.
Павлодар облыстық «Жас ұлан» ұйымының аймақтық хатшысы Айжан Оразбаева «Жас ұлан» және «Жас қыран» ұйымдары арқылы жас ұрпақты өз еліне деген сүйіспеншілік пен патриотизмге тәрбиелеп, мәдениеттілік пен төзімділікті, бітімгершілік дәстүрлерін қалыптастыратынын атап өтті.
«Аталар – ардагерлер, немерелер – іззерттегіштер» мұражайының жетекшісі Бахыт Аралбаева және облыстық «Жас ұлан» штабының белсенділері мерекелік шараның қонағы болды. Қонақтар балалар мен жасөспірімдер ұйымының жаңа көшбасшыларына галстук байлады. Балалар Отанға адал болуға, сабақты жақсы оқуға, үлкендерді құрметтеуге, табиғатқа ұқыпты қарауға ант берді.