Павлодарда ер адам өз қызын зорлады деген күдікпен іздестірілуде
Учаскелік және жедел полиция қызметкерлері іздестіру жұмыстарына кірісті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Бұл туралы облыстық полиция департаменті хабарлады.
– Қызына қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттер жасады деген күдікпен ер адамды ұстау бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілуде,– деп атап өтті департаментте.
Елдің барлық аумақтық полиция бөлімшелері мен шекара қызметтеріне бағдарлар жіберілді.
Қыздың анасы полицияға жүгінген болатын. Оның өтініші бойынша ҚР ҚК-нің 121-бабы 4 -бөлігі (Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Жәбірленушінің айтуынша, әкесінің зорлық-зомбылық әрекеттері 2020 жылдың мамырынан 2022 жылдың ақпанына дейін жасалған. Бұрын жәбірленуші полицияға хабарласпаған. Тиісті сот-медициналық сараптама тағайындалды.