Павлодарда қауіпті реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелін алып тастады

Павлодарда қауіпті реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелін алып тастады
Фото: Константин Шелков

Бұл жол-көлік оқиғаларын болдырмау мақсатында жасалды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Қалалық ТҮКШ ЖК және АЖ бөлімі полиция басқармасымен бірлесіп, ЖКО жоғары қауіптілігіне байланысты С.Нұрмағамбетов-Минин көшесі, Кәукен Кенжетаев -Жаяу Мұса көшесі («Облыстық балалар емханасы» аялдамасы) бойындағы реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелдерін бөлшектеді. 

Ол жерде жаяу жүргіншілердің  қауіпсіз өтуі үшін бағдаршам қондырғылары орнатылды,– деді бөлімде. 

Сонымен қатар, келесі жылы Естай-Бекмаханов көшелерінің қиылысында жаяу жүргіншілер үшін бағдаршамда жасыл түс жану үшін құрылғыны орнату жоспарлануда.