Павлодарда ЖКО-дан зардап шеккен екі жүкті әйелдің жағдайы белгілі болды
Әйелдердің біріне кесарь тілігі жасалды. Қазір ол жансақтау бөлімінде, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Дәрігерлердің айтуынша, жүктіліктің 37-аптасында жүрген 37 жастағы павлодарлық жабық бас ми жарақатын алған. Жаңа туған нәресте перинаталдық орталықта жатыр.
Зардап шеккен екінші әйел жүктіліктің сегізінші аптасында жүрген. Оның басының жұмсақ тіндері көгерген. Ол амбулаториялық бақылауда.
Естеріңізге сала кетейік, бірінші оқиға 18 қарашада Қамзин мен Ломов көшелерінің қиылысында болған. Онда шағын автобус пен жеңіл автокөлік соқтығысқан. Екінші әйел 19 қарашада зардап шекті. Екі көліктің қатысуымен болған ЖКО Сұрағанов пен Нұрмағамбетов көшелерінің қиылысында орын алды.