Павлодарлық тұрғын апаттық жағдай туғызған жүргізушіні ұстап берді

Павлодарлық тұрғын апаттық жағдай туғызған жүргізушіні ұстап берді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Оқиға куәгері «Police 102» қосымшасы арқылы хабарлама жолдаған, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше,  қосымшаның арнасына қала тұрғынынан Назарбаев көшесі бойында «Volkswagen Polo» автокөлігінің жүргізушісі жол бермегені және төтенше жағдай туғызғаны туралы хабарлама түскен. 

Хабарлама автопатрульге жіберілді. Жұмыс барысында полиция қызметкерлері тәртіп бұзушыны анықтады. Жүргізушіге қатысты апатты жағдай туғызған жол ережесін бұзғаны үшін 10 АЕК көлемінде айыппұл салынып, әкімшілік материал толтырылды, – деп хабарлады департаментте.

Павлодар полициясы Мемлекет басшысының «Цифрландыру – Қазақстан дамуының ажырамас құрамдас бөлігі» Жолдауын іске асыру мақсатында цифрлық технологияларды пайдалануды, оның ішінде халықтың өтініші бойынша жұмысты жалғастыруда.

Павлодарлықтар омниканализм жүйесі арқылы  полициядан көмек сұрайды. Егер азаматтар заң бұзушылықтың куәгері болса, өздерін және айналасындағыларды қорғау үшін полицияға хабарласуы қажет.

Мобильді қосымшаның көмегімен азаматтар құқық бұзушылықтар туралы бейне және аудио қоңыраулар мен мәтіндік хабарламалар арқылы хабарлай алады. Мұндай жүйенің артықшылығы  – полиция операторы оқиға орнында не болып жатқанын онлайн режимінде көре алады, қоңырау шалушының орналасқан жерін дереу анықтап, жедел әрекет ету шараларын қолданады.