Павлодарда монша жанды

Өрттің ауданы 25 шаршы метрді құрады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 17 сәуірде сағат 11:46-да «112» пультіне Теплов көшесіндегі жеке тұрғын үйдің аумағында моншаның ағаш құрылымдары өртенгені туралы хабарлама түскен.
Оқиға орнына өрт сөндіру қызметінің мамандары жедел жіберілді. Бөлімшелердің жедел әрекеттерінің нәтижесінде өрт қысқа мерзімде сағат 12:12-де толықтай жойылды. Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ.
Төтенше жағдайлар департаменті өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауды сұрайды.