Павлодарда есірткі қылмыстарының алдын алу талқыланады

Павлодарда есірткі қылмыстарының алдын алу талқыланады
Фото: Константин Шелков

Бұл мәселе Instagram желісінде тікелей эфирде талқыланбақ, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

29 наурыз күні сағат 15:00-де облыс прокуратурасының Instagram желісіндегі ресми парақшасында «Есірткі қылмысының алдын алу және оған қарсы күрес» тақырыбында тікелей эфир өтеді.

Талқыланатын тақырыптар: есірткі қылмыстарының алдын алу, есірткі құралдарының таратылуына қарсы қабылданып жатқан шаралар, есірткіні қолданудың денсаулыққа зияны.

Спикер: сотқа дейінгі тергеп-тексеру және қылмыстық қудалаудың заңдылығын қадағалау басқармасы бастығының орынбасары Ғани Қалыбеков.