Железин ауданында жылу беру үзілісі кезінде абоненттерге төлем есептелмейді

Железин ауданында жылу беру үзілісі кезінде абоненттерге төлем есептелмейді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Жылу параметрлерін қалпына келтіру жүргізілуде, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі. 

Железин ауданың әкімі Айтуған Шайхимов №2 аудандық қазандықтағы жағдай туралы хабарлады. 

–  27 қаңтарда магистральдан жеке меншік нысанға кіретін жылу желілері жарылды. 29 қаңтарда барлық зақымданулар жойылды. Қазіргі уақытта барлық төрт қазандық қалыпты режимде жұмыс істеп тұр, жылу параметрлері қалпына келтірілуде. Жылу беру үзілісі кезінде абоненттерге төлем есептелмейді, – дейді Айтуған Шайхимов. 

Оны айтуынша, жүйені толық қалпына келтіру үшін уақыт қажет. Мәселе тәулік бойы мамандардың бақылауында, сондай-ақ облыстық орталықтан сарапшылар тартылған.

Әкімдікте жылу энергиясын тұтынушылардан келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды.