Павлодарлықтар наурызда қанша күн демалады?

Павлодарлықтар наурызда қанша күн демалады?
Фото: Константин Шелков

Көктемнің алғашқы айында екі мемлекеттік мереке тойланады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Биыл Халықаралық әйелдер күні жұмаға келіп тұр. Аптасына бес күн жұмыс істейтіндер үш күн – 8, 9, 10 наурызда демалады, ал аптасына алты күн жұмыс істейтіндер үшін екі күн демалыс болады, 9 наурыз – жұмыс күні болып белгіленген.

Наурыз мейрамы 21-23 күндері аралығында тойланады. Аптасына бес күн жұмыс істейтін азаматтар бес күн демалады – 21, 22, 23, 24 және 25 наурыз. Алты күн жұмыс істейтіндер үшін дүйсенбі, 25 наурыз – жұмыс күні.