Астана күні: Павлодарда зергерлік және эксклюзивті тоқыма бұйымдары көрсетіледі
Бұл көрмеде жергілікті суретшілердің туындыларын көре аласыздар, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
С.Торайғыров атындағы облыстық кітапханада 4 шілде күні сағат 16:00-де мемлекеттік мереке – Астана күніне арналған «Астанаға арнау» көрме-жәрмеңкесі ұйымдастырылады.
– Қазақстандықтар үшін Астана – жай елорда ғана емес, бүкіл еліміздің нағыз жетістігі мен құндылығы. Басқа елдердің өкілдері үшін Астана бүкіл Қазақстанды бейнелейді, – дейді кітапханада.
«Астанаға арнау» көрмесінде павлодарлық суретшілердің, сәндік-қолданбалы өнер шеберлерінің және қаламыздың шығармашыл тұрғындарының жұмыстары қойылады.
Көрмеде этникалық стильдегі зергерлік бұйымдарды, павлодарлық суретшілердің картиналарын, «Фиалочка» клубының мүшелері өсірген әдемі бөлме өсімдіктерін, «Мастерица» клубының қолөнершілерінің эксклюзивті тоқыма бұйымдарын және қолдан жасалған ойыншықтарды тамашалап қана қоймай, сатып алуға болады.
Кітапсүйер қауым үшін «Астана – елдің жүрегі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылады.