Павлодарда кәріз құдығынан ер адамның денесі шығарылды

Павлодарда кәріз құдығынан ер адамның денесі шығарылды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Полиция оның жеке басын анықтады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Әлеуметтік желіде Қамзин көшесінде кәріз құдығында ер адамның денесі табылғаны туралы ақпарат тарады. Бұл мәліметті облыстық полиция департаменті растады. 

– Аталған факті Павлодар қаласының полиция басқармасы Оңтүстік полиция бөлімінде тіркелген. Белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамның жеке басы анықталды. Зорлық-зомбылықтың сыртқы белгілері жоқ, – деді департаментте.

Сараптама тағайындалды. Оның нәтижелері бойынша процестік шешім қабылданады.