Павлодарда атыс қаруын «жарнамалаған» ер адам анықталды
Белгісіз ер адам атыс қаруын «жарнамалаған» бейнежазба 2 маусымда әлеуметтік желілерді тексеру кезінде анықталды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
POLISIA.KZ ақпараттық медиа-порталының мәліметінше, ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының жедел қызметкерлері ер адамның жеке басын анықтады.
– Ол Павлодар қаласының бұрын сотталған 33 жастағы тұрғыны болып шықты. Ер адамнан Стечкин пневматикалық тапаншасы тәркіленді, – деді Павлодар облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Болат Нұрсейітов.
Аталған факті бойынша сараптама тағайындалды, соның нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданады.