Павлодарда қайда жарық болмайды

Қосалқы станцияларда жөндеу жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, 19 тамыз күні сағат 9:00-ден 17:00-ге дейін келесі мекенжайлар бойынша электр қуаты сөндіріледі:
- Шевченко көшесі, 1 (№36 орта салалық мектебі), 1/1 («Qaz chicken» дәмханасы, «Автолюкс» ТҚКС);
- Толстой көшесі, 98 (Павлодар облысы бойынша экономикалық тергеу департаменті);
- Катаев көшесі, 15 («Рамиль» дүкені), 17, 31, 31/1 («Unit» оқу орталығы).
Сағат 15:00-ден 17:00-ге дейін:
- Ген. Дүйсенов көшесі, 144 («Justplay academy» музыкалық мектеп-студиясы);
- М. Горький – Ак. Марғұлан – Луначарский – Ак. Бектұров көшелері алаңындағы тұрғын үйлер.